Жаңалықтар
«Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы бетперделер таратуда
«Жусан» операциясы бойынша елге оралған әйелдер бетперделер тігіп, халыққа тегін таратуда. Бұл игі іс «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастырылуымен жүзеге асырылып отыр.
Жуырда қолға алынған бұл бастамаға 15-ке жуық әйелдер жұмылдырылды. Күніне 300 бетперде тігіліп, балалар мен қарттар үйіне және аз қамтылған отбасылар мен қала тұрғындарына таратылуда.
Сол орталықта қызмет жасап жатқан Перизат Еркебай: – Алла тағала Құранда, бір-бірлеріңе жақсылықта көмектесіңдер деген. Сол үшін, бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін деп көмек ретінде осындай іс атқарудамыз. Материалын айтар болсам, мақта матадан тігіліп жатыр, және де оны бірнеше рет жуып қайта пайдалануына болады»-деп өздерінің халыққа арнап жасап жатқан игі бастамаларын айтты.