Жаңалықтар

Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңы қандай жауапкершіліктер жүктейді?

Қазақстан Республикасының Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңын бұзған кезде туындайтын жауапкершіліктер:

1) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңының 9 бабының 2 тармағына сәйкес, діни мазмұндағы материалдарды жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз сатуға жол берілмейді, ҚР ӘҚБтК-нің 490 бабының 1.3 тармағына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, жеке тұлғаларға 50 АЕК (138 900 тг), заңды тұлғаларға 200 АЕК (555 600 тг) көлемінде айыппұл салынады.

2) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңының 4 бабының 11 тармағына сәйкес, ғибадат үйлерін салуға, үйлерді ғибадат үйлері етіп қайта бейіндеуге жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз жол берілмейді ҚР ӘҚБтК-нің 490 бабының 1.4 тармағына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, жеке тұлғаларға 50 АЕК (138 900 тг), заңды тұлғаларға 200 АЕК (555 600 тг) көлемінде айыппұл салынады.

3) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңының 3 бабының 5 тармағына сәйкес, заңды діни қызметке кедергі келтіруге болмайды, ҚР ӘҚБтК-нің 490 бабының 2 тармағына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, жеке тұлғаларға 50 АЕК (138 900 тг), заңды тұлғаларға 100 АЕК (277 800 тг) көлемінде айыппұл салынады.

4) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңының 8 бабының 1 тармағына сәйкес Миссионерлік қызметті жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз, яғни тіркеусіз (қайта тіркеусіз) жүзеге асыруға болмайды, ҚР ӘҚБтК-нің 490 бабының 3 тармағына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, ҚР азаматтарына 100 АЕК (277 800 тг), шетелдік тұлғаларға – ҚР аймағы шегінен шығару жіне 100 АЕК (277 800 тг) көлемінде айыппұл салынады.

5) Әлеуметтік желіде діни араздықты қоздыруға, экстремизмді немесе терроризмді насихаттауға бағытталған материалдарды, сот шешімімен тиым салынған діни уағыздаушылардың видео, аудио жазбаларын таратуға болмайды, ҚР ӘҚБтК-нің 453 бабының 2 тармағына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, жеке тұлғаларға 20 АЕК (55 560 тг), лауазымды тұлғаларға 25 АЕК (69 450 тг) көлемінде айыппұл салынады.

durbi.kz

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close