Жаңалықтар

Деструктивті діни ағымдағылар ауызашар жасап, карантин режимін бұзды

Рамазан айының бірінші күні Шымкент қаласының тұрғындары төтенше жағдай режимін бұзды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың 24 сәуірінде Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-алдын алу іс-шараларын өткізу барысында карантин режимінде тәуліктің кешкі уақытында жиналып ауызашар ұйымдастырып отырған деструктивті діни ағымдарға бейім адамдар тобын анықтады. Төтенше жағдай режимін бұзған 11 азамат полицияға жеткізілді.

Әрқайсысына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Барлық құқық бұзушылық жайттары бойынша әкімшілік материалдар жиналып, Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына қарауға жолданды. Бұл бап 10 АЕК айыппұл немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамау түріндегі жазаны қарастырады.

durbi.kz

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close