Жаңалықтар
Атыраулық әскерилерге діни экстремистік ұйымдардың идеологиялары мен психологиялық әдістері түсіндірілді
Атырау облысы Дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде облыстық ақпараттық түсіндіру жұмыстарының жоспарына сәйкес, Батыс өңірлік қолбасшылығы 41433 әскери бөлімінде «Діни экстремистік ұйымдардың идеологиялары мен психологиялық әсер ету әдістері» атты тақырыпта кездесу өтті.
Шараға «Жәрдем-Атырау» КҚ-ның маманы, облыстық АТТ мүшесі Ернар Абзалов, Жусан операциясымен елге оралған азаматша, облыстық АТТ мүшесі Перизат Еркінбай, облыстық АТТ мүшесі, ауған соғысының ардагері Толыбай Шакиров қатысты.
Т.Шакиров шара барысында офицерлерге Ауған соғысының естеліктерін, ол жердегі географиялық ұстаным мен сол кездегі діни көріністерін сипаттап берді. Сондай-ақ, патриоттық тәрбиенің оң әсерін, әскери анттың маңыздылығын баса назарға алды.
Дінтанушы маман Е.Абзалов Таяу Шығыстағы әскери қақтығыстардың салдарын, олардың діни мақсаттары мен сипаттарын баяндады.
П.Еркінбай Отан ұғымының қасиеті жөнінде ой қозғап, Сирияда болған оқиғаларымен, қиындықтарын айта келе, ол жақтарда көзі көрген қақтығыс әрекеттерін, соғыс қимылдарын әскерилермен бөлісті.
Шара соңында офицерлер сұрақтарын жолдап, пікір алмасу болды.