Жаңалықтар

Атырауда БАҚ өкілдері мен блогерлерге арналған біліктілік курсы өтті (СУРЕТ)

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық талдау орталығы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы ұйымдастырды. «Дін саласындағы зайырлылық талаптары мен құқықтық негіздері» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсы ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн өтті. 

Курсты «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы директорының орынбасары Мейірбек Құбышев ашып, тақырыптың маңыздылығына тоқталып, семинарға сәттілік тіледі.

«БАҚ және интернет ресурстарда діни тақырыптардың өзектілігін ашып көрсету және тартымды тақырыптар таңдау» курсын «Атырау Ақпарат» медиахолдингінің сату және маркетинг бөлімінің басшысы Мақпал Бисембаева өткізді. «Әлеуметтік желілердегі әр түрлі діни тақырыптарды сараптай отыра көпшілікке ұсыну» тақырыбында дінтанушы Ернар Абзалов дәріс оқыды.

Курсқа Атырау облысындағы аймақтық, облыстық, аудандық газеттер мен сайттардың дін тақырыбында жазып жүрген тілшілері, блогерлер – отыздан астам адам қатысты.

Курс барысында қоғам талқылауындағы діни өзекті мәселелер сарапталып, оларды БАҚ пен әлеуметтік желілерде халыққа түсінікті, оқылымды қылып жеткізу жайы түсіндірілді. Мақпал Бисембаева еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарында дін мәселесінің жазылуы жайын сараптап, өз ойын ортаға салды. Сайтқа SEO оңтайландыру жасаудан бастап, ақпараттардың іздеу жүйелерінен шығу үшін мәтінді сауатты редакциялау, сайт пен әлеуметтік желілерге сурет өңдеудің техникалық қырларына дейін үйретті. Дінтанушы Ернар Абзалов тілшілер мен блогерлерге халық арасында мағынасы әлі нақты түсіндірілмей жүрген діни терминдерді санамалай отырып мәнін ашып, осы бағытта түсіндіру жұмыстарын БАҚ бетінде жүргізуге шақырды.

Бұл курстың дін тақырыбында қалам тербеп жүрген тілші қауымға берері мол болды.

Нұрлыбек Нұрланұлы

durbi.kz

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close