Жаңалықтар

Атырауда 300 отбасына азық-түлік үлестірілді

 Атыраудағы орталық “Иманғали” мешітінде 300 мұқтаж отбасына азық-түлік таратылды.

Республика бойынша бір сәтте барлық өңірде жалғасқан акция көзі тірісінде өмірін ізгі істерге арнаған Бибі-Жамал Аблазимованың рухына бағышталды.

«Анамыз шын мәнінде жақсылыққа жаны құмар жан еді. Арыс қаласындағы жарылыстан, Қызылағаш пен Мақтаралдағы су тасқынынан зардап шеккендерге дер кезінде көмек көрсетті. Ел бойынша бес жаңа мешіттің тұрғызылуына ықпал етті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырып жүрген Құран жарысы, Мәуліт кештеріне қаржылай қолдау көрсетіп келді. Бүгінгі қайырымдылық акциясы жақсы адамның артында қалған аманаты десек те болады» дейді Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Баян Жанұзақова,

«Дүрбі»

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close