Жаңалықтар

«Церковь последного завета» діни ұйымының басшылары ұсталды (ВИДЕО)

Фото: ИЗВЕСТИЯ/Станислав Денисенко

Durbi.kz. Ресейдің Краснояр өлкесінде «Церковь последного завета» діни ұйымының басшылары Виссарион (Сергей Тороп), Вадим Редькин мен Владимир Ведерников ұсталды. Бұл жайлы ВВС хабарлады.

Діни ұйымның басшылары екі айға қамалды, тергеу амалдары жүргізілуде. Виссарион қауымы Курагин ауданында, өздері Күн қаласы (Город Солнца) деп атайтын жерді мекендеген.

Ұсталғандар 1991 жылдан бері аталған діни ұйымдықа басқарып келеді. Діни ұйымнан пайда табу мақсатында ұйым мүшелерінен қаржы табу, психологиялық әсер арқылы денсаулықтарына нұқсан келтірген деген айып тағылуда.

Бұл діни ұйымның басшысы Сергей Тороп бұрын темір ұстасы болып жұмыс жасаған. 1991 жылы өзін Виссарион деп жариялап, кейін өзіне Иисус Христостың рухы қонды дейтін болған.

GETTY IMAGES. 2009 жылғы сурет

Виссарионның артынан ергендердің саны бүгінде кей деректерде 10 мыңға жуық делінеді. Оның жартысына жуығы Ресейдің Краснояр өлкесінде тұрады. Бірақ Болгария, Молдавия, Беларусь, Латвия, Германия, АҚШ пен Қазақстанда аталған діни ұйымның мүшелері бар екені анықталған. Олардың барлығы ақырзаманды күтіп өмір сүреді.

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close