Жаңалықтар

ДАИШ содырларының құрамына қосылғысы келген атыраулық 6 жылға сотталды

Бұл жайлы Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі мәлімет таратты. Олардың мәліметінше, биылғы мамырда Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері деструктивті діни ағымдардың бірінің 32 жастағы жақтаушысын ұстаған. Полицейлер оны синтетикалық есірткі сатқаны үшін қолға түсірген.

«Бірақ бұл оған тағылған жалғыз айып емес. Тергеу дерегіне сүйенсек, ер адам ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) тобының содырларына қосылуды жоспарлап, бірнеше рет таныстарына терроризмді насихаттаумен айналысқан» дейді облыстық полиция депаратменті басшысының орынбасары, полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев.

Сот психологиялық-филологиялық сараптамасының қорытындысы теріс діни ағым өкілінің мәлімдемелерінде қарулы жиһад түрінде терроризмді насихаттауға бағытталған белгілер болғанын анықтаған. Сот оны ҚР Қылмыстық Кодекстің екі бабымен (Есірткіні сақтағаны және сатқаны, сондай-ақ телекоммуникациялық желілерді пайдаланып, терроризмді насихаттағаны үшін) кінәлі деп тапты. Кінәсін мойындаған ол 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close