Жаңалықтар

Теологтар Атыраудағы ерлер түзеу мекемесінде кездесу өткізді

Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты 157/9 ерлер түзету мекемесінде Шапағат қоғамдық қорының теологтары мен тарихшы маманы Е.Абзалов, М.Омаров және Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы Б.Ақжолов жазасын өтеушілер және дін ұстанушылармен кездесу өткізді.

Теолог Б.Ақжолов түзету мекемесінің жамағатына дәстүрлі ислам дінінің негіздері, иманның шарттары, имам Матуридидің ғылыми көзқарстары, Құран ілімдеріндегі аят түсіну ерекшеліктері, хадис ілімдеріндегі хадис түсіну ерешекліктері жөнінде аз-кем мағлұмат беріп, сахабалар дәуіріндегі көркем оқиғалардан мысал келтіре отыра уағыз-насихат жүргізді. Теолог М.Омаров бұл отырыстың мақсаты негізінде Алла тағаланы ұлықтау, Пайғамбарымызға (с.а.у) салауат ату, және Ислам дініне деген тура көзқарасты қалыптастыру мақсатында атқарылып жатқандығын жеткізді.

Исламның білімді ғұламалары әрбір жасалған күнәға тәубе келтіру керектігін айтқан. Ата-бабамыз бұл туралы: «Шын ниетпен қылған тәубе таудай күнәні жояды», – деген. Құранда Алла Тағала былай дейді: «Әй, мүміндер, түгел Аллаға тәубе қылыңдар. Әрине, құтыласыңдар»(«Нұр» сүресі 31-аятта). Аллаһ Тағаланың ең жақсы көретін пендесі – күнә істегеніне шын жүректен өкініп тәубесіне келген пенде.

Шапағат қоғамдық қорының парақшасынан

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close