Жаңалықтар

«Дінтану сараптамасы: мақсаттар мен міндеттер» тақырыбында республикалық әдістемелік семинар өтті

Бүгін, 21 қазанда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежановтың төрағалық етуімен жергілікті атқарушы органдар мен дін саласындағы мекемелердің мамандарына арналған «Дінтану сараптамасы: мақсаттар мен міндеттер» тақырыбында республикалық әдістемелік семинар өтті. Бұл жайлы аталған министрліктің ресми сайты хабарлады.

Іс-шараға дін істері комитетінің, дін істері басқармаларының және дін проблемаларын зерттеу жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты.

Ержан Нүкежанов «дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік қызметінің мақсаты – діни мақсаттағы объектілер мазмұнының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін анықтау, сондай-ақ халық арасында деструктивті діни идеологияның таралуына жол бермеу болып табылатынын атап өтті.

Айта кетейік, Мемлекеттік қызмет автоматтандырылды және жергілікті атқарушы органдар осы мемлекеттік қызметті электрондық үкімет порталы арқылы алуға қатысты халықты ақпараттандыру жұмыстарын жалғастыруы қажет.

Сөзге шыққандар дінтану сараптамасын жүргізудің өзекті мәселелеріне тоқталып, қоғам үшін жүргізіліп жатқан жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Олар дін саласындағы жергілікті атқарушы органдар мен мекемелердің қызметіндегі кейбір проблемалық мәселелерді атап өтті.

Аталған мемлекеттік қызметті оңтайландыру және автоматтандыру процесі туралы дін істері комитеті дінтану сараптамасы басқармасының бастығы Нұрғали Қабылов баяндама жасады, дін жағдайына мониторинг жүргізу барысы туралы Н.Назарбаев орталығының конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі департаментінің директоры Эльмира Бірәлі әңгімелеп берді. Сонымен қатар, іс-шара барысында өткізіліп жатқан дінтану сараптамаларының нәтижелерін көрсететін интерактивті карта таныстырылды.

Семинар барысында сындарлы пікір алмасып, нәтижесінде кездесуге қатысушыларға нақты ұсыныстар берілді.

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close