Жаңалықтар
Мұсылман әйелінің дәстүрлі киім үлгісін ұсынды
Семейдегі Қос мұнаралы орталық мешіттің Әйел-қыздар секторы мұсылман әйелінің дәстүрлі киім үлгісін ұсынды.
Шара барысында ұлттық өнерді кәсіп еткен шеберлер Бақытгүл Қалиаттар мен Құралай Оразғалиева дәстүрлі киім үлгілерін көрсетті.
Шәкірт қыздар сапалы бархаттан тігіліп, ұлттық нақыштағы ою-өрнекпен безендірілген комзолдар мен пиджактарды, сонымен қатар күнделікті киюге арналған киім түрлерін де ұсынды.
Жиын соңында ұлттық өнердің серігіне айналдырған шәкірттерге мақтау қағаздары табысталды.