Жаңалықтар
Экстремистік ұйымның идеологиясын насихаттаған атыраулық 7 жылға сотталды (ВИДЕО)
Сайфолла Байжанов «Ат-такфир уаль хижра» экстремистік ұйымының идеологиясын насихаттағаны үшін 7 жылға сотталды. Тергеу кезінде ол қылмысын толық мойындады. Жасырын жиындарын Текелі қаласында өткізіп, қатарларына адам тартумен айналысыпты. Істі қараған судья оның жақтастарын да жазасыз қалдырмады.
дереккөз: taunews