Жаңалықтар

Атырау облысы Дін істері басқармасының мамандары өзге облыстардағы әріптестерімен тәжірибелерімен бөлісуде

Ғаламторда жат ағым идеологиясының таралуына шектеу қоюдың оңтайлы әдісі бар. Бұл Атырау облысындағы дін істері басқармасы мамандарының нәтиже берген ілікімді ісі. Бірегей тәжірибемен бөлісу мақсатында атыраулық дін істері басқармасының мамандары Қарағанды қаласында болды. Үш күндік семинар барысында дін істері басқармасы мамандары атқарылып жатқан жұмыстарымен бөлісті.

Жат ағымдағылардың басты құралы – әлеуметтік желі. «Әсіресе, діни сауаты жоқтарды еліктіріп қатарға тартады», – дейді. Сол себепті дін істері басқармасы ғаламтор кеңістігіндегі жат ағым идеологиясының таралуына шектеу қоюға ден қойып отыр. Бұл үшін арнайы бағдарлмаларды іске қосқан.  Осы жобамен жемісті жұмыс істеп жатқандар тізімінде рейтинг бойынша  Атырау облысы алдыңғы шепте.

Данияр ҒАЛИДЕН, Атырау облысы дін істері басқармасының бас маманы:

– Атырау облысы дін істері басқармасы тарапынан республика бойынша тәжірибе алмасу мақсатында арнайы екі топ құрылған болатын. Сол екі топ республикамыздың 7-8 облысына барып, тәжірибелерімізбен алмасып, тәжірибемен алмасқанда әлеуметтік желідегі діни материалдың таралуының алдын-алу мақсатында үш бағыт бойынша, яғни әлеуметтік желіні зерделеп, талдау жүргізу.  Екінші бағыты – әкімшілік хаттама толтыру. Әкімшілік айыппұл салу және де  үшінші бағыт сол әкімшілік жазаға тартылған адамдармен профилактикалық жұмыстар жүргізу.

Айта кетейік, негізсіз діни ақпарат таратқандарды сот кінәлі деп таныса оған 50 АЕК көлемінде, яғни 136 мың теңге айыппұл салынады. Жыл басынан бері Қарағанды облысы дін істері басқармасының бастамасымен әлеуметтік желілерге сараптама жүргізіліп келеді. Нәтижесінде, 50-ден астам  парақша дінтанулық сараптама қызметін ұсынған. Оның ішінде 10-ға жуық  адам жауапкершілікке тартылып, оларға әкімшілік-құқық бойынша айыппұл салынған.

Дулат ТӨЛЕГЕНОВ, Қарағанды облысы дін істері орталығының басшысы:

– Қазіргі таңда атыраулық әріптестеріміздің келу себебі –  интернет алаңындағы жат ағым идеологиясының таралуына  бір шектеу қоюдың, өзіндік бір ерекше моделін тапқан секілді. Сонымен бізге бөлісіп жатыр.  Яғни, біз де жат ағыммен күресте Қарағанды облысының деңгейінде қандай өзіміздің әдіс тәсілдеріміз бар, соларымызды ол кісілерге көрсетіп жатырмыз.

Үш күндік тәжірибе алмасу семинарына Жезқазған, Сәтпаев, Балқаш, Теміртау қалаларындағы дін істері бөлімінің мамандары да қатысты.  Атыраулық әріптестер ғаламтордағы жат ағымды насихаттайтын ақпараттар мен әлеуметтік желілердегі діни материалдарға  сараптама жасау бағытындағы жұмыстарымен бөлісті.

Дереккөз: kartv.kz

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close