Жаңалықтар
Атырауда такси жүргізушілерін бопсалаған “сақалды рэкетирлер» қолға түсті
5 шілдеде ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті прокуратурамен және облыстық полиция департаментімен бірлесіп, спорттық орта өкілдері мен деструктивті діни ағымдарды ұстанушылардан құралған ұйымдасқан қылмыстық топты ұстаған. Бұл жайлы Dalanews.kz. хабарлады.
Топ мүшелері ұзақ уақыт бойы “Атырау-Орал-Атырау” бағытындағы такси жүргізушілерін күш қолданумен қорқытып, ақша бопсалап келген.
ҰҚТ-ның 4 белсенді қатысушысы ұсталды. Фигуранттардың және олардың жақын байланыстарының тұрғылықты жерлерінен 3 бірлік әртүрлі қару мен оларға оқ-дәрілер, сондай-ақ олардың қылмыстық әрекеттерін растайтын құжаттық материалдар (чектер, журналдар, банк карточкалары) табылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Осы факт бойынша ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлігі (бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Топ жетекшісі тергеу изоляторына қамалды, қалғандарынан ешқайда кетпеу туралы міндеттеме алды. Тергеу-жедел іс-шаралары жалғасуда.