Көкейкесті

 Салафизм ағымы мен Қылмыс егіз бе?

 Діндар деуге бола ма, айтыңдаршы?

Соңғы жылдары деструктивті діни теріс ағымды ұстанушылар жасаған ауыр қылмыстар саны өсіп келеді. Құзырлы органдардың мәліметі бойынша, деструктивті діни ағымды ұстанушылар тарапынан адам өлтіру, тонау, қарақшылық шабуыл, бопсалау, зорлау, есірткі қолдану, өндіру, сатумен айналысу, тағы да басқа қылмыстар алдыңғы орында тұр.

Салафиттердің қылмыс жасауына не себеп десек, олардың дінді бұрмалап түсінуі салдарынан ұлттық, отбасылық құндылықтарды жоққа шығарулары  әсер етіп отыр. Олар Қазақстан мемлекетіне, яғни билікке, ҚР Конституциясына қарсы.  Отанға деген патриоттық сезімнен ада олар дінді ғана насихаттау арқылы  (онда да қате түсінікпен бұрмалап түсіну) қазақтың төл мәдениеті мен салт- дәстүрін жоюды көздейді. Бұл түсінік жалпы деструктивтік діни ағымды ұстанушылардың зайырлы мемлекет мүддесі мен  қоғамға қарсылығын көрсетіп отыр. Ал бұл қарсылық қайдан бастау алады деген сұраққа дін мамандары: «деструктивті діни ағымды ұстанушылардың зайырлы мемлекетімізді мойындамауы, намаз оқымаған адамды кәпірге санауы олардың ақидасында жатыр» дейді.

2019  жылы салафиттер жасаған қылмыстарға шолу жасасақ, яғни,  нақты ақпарат көздеріне сүйенсек,
еліміз бойынша Ақтөбе облысы бірінші орында болды. Облыста 57 қылмыс, 379 әкімшілік заңбұзушылық орын алған.

Түркістан облысында  деструктивті діни ағым өкілдері қатысқан 34 қылмыс ашылды. Салафиттер жасаған қылмыстар қатарында есірткі саудасы,  пайдалану, сақтау, қоғамда діни алауыздықты тудыру, жеке азаматтардың дүние- мүліктерін ұрлау, алаяқтық пен тонау белең алған. Дін атын жамылған олар исламда рұқсат етілмеген әрекеттерге баруда. Қазақта мүгедек, кіріптар адамға қиянат жасау күнә саналады. Ал zakon.kz сайтының мәліметінше, алматылық салафит мүгедек әйелге үйленуге уәде бере отырып, оның жинаған ірі көлемдегі қаржысын ұрлап кеткен. Өзі басқа әйелмен некеде бола тұрып, мүгедек жанға ақша үшін өтірік айтқан.
Діни теріс ағымды ұстанушылар қылмыс жасап тапқан ақшаларын есірткіге жұмсаған. Мысалы үйлерге ұрлыққа түскен, түнде жортуылға шығып, көшедегі адамдардың телефонын және бағалы заттарын тартып алуда. Мысалы осындай қарақшылықпен айналысқан 26 жастағы азамат құрықталды. Алматы қаласында өзін діндар етіп көрсеткен салафит пәтер жалдаушылардың ақшасын алып, қашып кеткен. Nur. kz.

Есірткіге қатысты салафиттер жасаған қылмыстар олардың нашаға құмарлығын көрсетіп отыр. Есірткі өндірумен айналысқан
Оралдық салафит ірі көлемдегі марихуанамен ұсталған.

Жетісай қаласында салафит басқа жерде емес, үйінің тура намаз оқитын бөлмесінде есірткі дайындаумен айналысқан. Oninfo.kz

Ал otyrar.kz сайты Түркістан облысының Мактаарал ауданында тұратын салафит есірткі сатумен және салафизмді насихаттайтын әдебиеттерді таратумен айналысқанын жазды

Салафиттердің қылмыстық тобы өздері ұрлаған телефондардың IMEI-кодын заңсыз түрде өзгерткен. tengrinews.kz

 Қандыағаш қаласындағы «Нұртай» мешітінің сейфіне ұрыға түскен салафит тұрмысы төмен аналар мен балаларға жиналған халықтың қаржысын ұрлады. timeskz.kz
Әйелдер «Сүйіп қосылған» некенің құрбаны болуда. Салафиттер әйелдеріне «талақ» айтып, әйелі мен балаларын асыраушысыз тастап кетіп, басқа әйелге үйленуді әдетке айналдырған. Жалпы салафиттер тарапынан отбасына байланысты жасалған қылмыстар көптеп кездесіп отыр.

Жетысай қаласында бір салафиттің әйелі күйеуінің өзіне көрсеткен қорлығынан құтылу үшін туған қызын сабап, пышақ пен қысқашпен дене жарақаттарын салуға мәжбүр болған. Нәтижесінде ол әйелін қорқытып, одан «қыздарымнан бас тартамын» деген қолхат жаздырып алып, үйге екінші әйелін кіргізіп алған.  otyrar.kz

Салафиттер тарапынан орамалға қатысты да дау- дамай толастамай тұр. Ақмола облысының тұрғыны мектеп жасындағы қызынан хиджаб киюді талап етіп, сабағаны туралы да белгілі.

Екібастұзда тұратын салафит өз әйелін 5 баласымен ас-сусыз тастап кетіп, басқа күйеуде болған әйелді балаларымен алған. nur.kz
Әлеуметтік желіге порнография жүктеп, таратқан қостанайлық салафит сотталды. Tobolinfo.kz
Салафиттер жасаған қылмыстар арасында жыныстық зорлық белең алуда. Алматы қаласында салафит мүгедек әйелді жыныстық құлдыққа сатқан. Көкшетауда бұрын ұрлық және алаяқтық бабымен сотталған салафит 30 жастағы әйелді зорлаған. Қарағанды қаласында салафит өгей қызын зорлап, асырап алған балаларын ұрып- соққан. Өгей әкеден көрген қорлық пен зорлықты аналарына айтуға қорыққан балалар бірнеше ай бойы шыдап келген.Nur.kz
Асырап алған қызын ұзақ жылдар бойы зорлаған өгей әке- салафит Сирияға кетуді жоспарлапты. Ол заңсыз қару сақтаған және Алматы қаласында «секс- притон» ұстаған. tengrinews.kz

Есірткіге елітіп…

 2020-2021 жылдары еліміздің құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша  қылмыстарға келсек, 2020 жылы қазан айында Орал қаласында есірткіге елтіген  салафит мас күйінде көлік айдап, жол- көлік полициясына ұсталды.

2021 жылдың қазан айында Хромтау қаласында  жол- патрульдік полиция қызметкері жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлікті тоқтатқан. Көлік иесі – деструктивті діни ағымды ұстанушының көлікті есірткі қолданып, мас күйде жүргізіп келе жатқаны анықталған.

Ал Шымкент қаласында 37 жастағы деструктивті діни ағым мүшесі жол- көлік апатын жасап, оқиға орнынан қашып кеткен. Ізіне түсіп ұстаған полиция қызметкерлері оның қалтасынан героин тапты.

2020 жылдың 14 қазанында Батыс Қазақстан облысында деструктивті діни ағым мүшесі аса ірі көлемде марихуанамен ұсталды.

2021 жылы тамыз айында Батыс Қазақстан облыстарында ҚР ҰҚК мен ҚР ІІМ-нің арнаулы қызмет күштері ұйымдасқан 31 адамнан тұратын қылмыстық топты қолға түсірді. Олар облыстар аумағында  3 плантация ұстаған.  Күдіктілерден 4 тонна марихуана, ақбөкен мүйіздері мен бекіре балығы  және атыс қарулары мен оқ- дәрілер тәркіленді.

Осы қазан айында Алматы қаласында 34 және 44 жастағы бұрын сотталған екі салафит есірткі сатып алып, өздері шегу үшін ақша табу мақсатында қыз- келіншектерге қарақшылық шабуыл жасап, олардың алтындары мен құнды заттарын тартып алған.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс- қимыл басқармасы «Қарасора» жедел- профилактикалық іс-шарасы кезінде облыстың Басқұдық ауылының тұрғыны, деструктік діни ағымды ұстанушы азаматты көшеде мас күйінде тоқтатқан. Оның қалтасынан марихуана табылды.

2021 жылы маусым айында  Атырау облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс- қимыл басқармасы қызметкерлері  де «Қарасора» жедел- профилактикалық  іс-шарасы аясында 1998 және 1999 жылы туған деструктивті діни ағым жолындағы атыраулық екі тұрғынды ұстады. Олардан 24 миллион теңгенің есірткісі тәркіленді.

Актау мен Жанаозен қалаларында К. және И. деген салафиттер ақша жасау мақсатында адам ұрлаған. Қылмыстық топ қару қолданып,  адамдардың өміріне қауіп төндірген. Олардан деструктивті бағыттағы діни материалдар мен қарулар тәркіленді.

 

Бопсалау, әлімжеттік

Өткен жылдары Атырау қаласында салафиттер бопсалау және адам ұрлау қылмысы арқылы елді біраз шулатты.

2020 жылы қыркүйек айында Атырау қаласында салафиттер Өзбекстан азаматын бопсалап, 500 мың теңге талап еткен.

Үстіміздегі жылдың 5-ші шілдесі күні ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті прокуратура және облыстық полиция департаментімен бірлесе отырып деструктивті діни ағымды ұстанушылар мен спортпен байланысы бар адамдардан  құралған ұйымдасқан қылмыстық топқа тосқауыл қойды. Қылмыстық топ «Атырау- Орал- Атырау» бағытындағы такси жүргізушілерді бопсалап, қорқытып ақша алып отырған. Олардан атыс қарулары мен оқ- дәрілер тәркіленді.

2020 жылы 8-ші желтоқсанда  Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі Ақтау қаласында деструктивті діни ағым өкілдерінің ұсталғаны туралы хабарлады. Олардан атыс және травматикалық қару- жарақтар оқ- дәрілерімен тәркіленді.

Атырау қаласында 4 адам 22 жастағы такси жүргізушіге  жабылып, ақша тонау мақсатында қарақшылық шабуыл жасаған.  Бұл деструктивті діни ағымды ұстанушылар да қылмыстық жазаға тартылды.

Атырау қаласында дүкенге ұрлыққа түскен салафит 5 миллион теңгенің ұялы телефондарын үптеп кеткен.

 

Өз қызын зорлап, 15 жылға сотталды

 Тағы бір 40 жастағы атыраулық  деструктивті діни ағым мүшесі 13 жастағы өз қызын зорлағаны үшін 15 жылға сотталды.

22 жастағы бұрын сотталған салафит 14 жастағы қызды күшпен төсек қатынасына тартқан.

2021 жылдың 7-ші қыркүйегі күні  Алматы қаласында 32 жастағы А. деген діни адасушы араққа сылқия тойған күйде қыз зорлап,  Алматы қалалық полиция басқармасы қызметкерлерімен ұсталды.

Дәл осындай оқиға Жамбыл облысының Мерке ауданында да орын алды. Деструктивті діни ағым мүшесі 12 жастағы кәмелетке толмаған оқушы қызды зорлаған. Инстаграм әлеуметтік желісі арқылы танысқан қызды одан бұрында зорлауға бірнеше рет әрекет жасаған 35 жастағы салафит қылмыс орнынан қашып кетіп, іздеу жарияланған болатын.

 

«Ұрлық түбі – қорлық»

 Деструктивті діни ағымдағылардың «намаз оқымағандар кәпірлер, яғни олардың дүние- мүлкі бізге халал» деген ұстанымда екені белгілі.  Түркістан облысының Тасты ауданында  бір салафит біреудің жалғыз биесін ұрлап, сойып алған.

2021 жылы сәуір айында Қызылорда облысының Арал ауданында деструктивті діни ағымды ұстанушы сауда үйінің терезесін сындырып кіріп, 930 мың теңгені ұрлап кеткен.

2021 жылдың тамыз айында Алматы қаласындағы  1989 жылғы Т. деген деструкті діни ағым өкілі қаланың Бостандық ауданында әйел адамның  460 мың теңгесін ұрлап алған. Құқық қорғау органдарының тексеруі нәтижесінде бұл ұры қаланың  басқа аудандарында да бірнеше рет ұрлық жасаған болып шықты.

2021 жылы 2-ші қарашада «Маңғыстау- Ақтөбе» жолаушылар поезында бір жолаушының 75 мың теңгесі қолды болды. Ақшаны ұрлап кеткен салафит әйелді полиция Қандыағаш стансасында қолға түсірді. Ол әйел 2017 жылы да ұрлық жасап, қылмыстық жауапкершліке тартылған екен.

Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласының тұрғыны, «ваххабизм» ағымының мүшесі М.Ж. бір күнде екі бірдей заңбұзушылыққа барды.
Ол Ақсай қаласындағы З. (есімі өзгертілді) деген әйелдің үйіне есігінен емес, терезесінен кірген. Мақсаты – сол үйде қонақта отырған өзінің дос қызы А-ны (есімі өзгертілді) үйден алып шығу болыпты. Қызды үйден алып шығып, күштеп көлікке мінгізіп, қаланың сыртына әкетіп, көліктен түсірмей ұстаған… «М.Ж. бұрын да марихуана есірткісін пайдаланушы адам ретінде белгілі» дейді құқық қорғау органы.

 

Оңды-солды пышақ сілтеген…

  Біреудің есік, терезесін бұзып кіріп, ұрлық жасаушылары да жетерлік. Мысалы 2021 жылы 7-ші қараша күні  Алматы қаласында деструктивті діни ағымды ұстанушы көршісінің есігін бұзып кіріп, оған ТТ. маркалы пистолет кезеп, қорқытқан.

Осы Алматы қаласының май құю бекетінде Н. деген азаматпен сөзге келіп қалған бір салафит дереу көлігіне жүгіріп барып, пышақ алып шыққан. Пышағын әрі- бері ойқастатып, суық қарумен ұсталған күдіктінің үстінен Түрксиб аудандық полиция басқармасы іс қозғады.

Дәл осындай оқиға үстіміздегі жылдың қазан айында Нұр- Сұлтан қаласында да болды. Сөзге келіспеу қалудың соңы пышақ сілтеуге әкелді. Жарақат алған азамат ауруханаға түсіп, оған пышақ салған деструктивті діни ағымды ұстанушы заң алдында жауап берді.

 

«Олардың барлығы салафиттер деп жауапкершілікпен айта аламын»

 Міне, өздерін «нағыз діндар – біздер!» деп, намаз оқымаған Қазақстан азаматтарын «кәпірге» шығарып жүрген уаххабит- салафиттердің бүгінгі шынайы бейнесі осылайша қылмыспен тығыз байланысып жатыр.

Ақтөбе, Атырау қалаларынан бастау алған терактілер де Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қауіпсіздігіне жасалған қастандық еді. Бұл терроршылар туралы  елімізге  және алыс- жақын шетелге жақсы таныс  белгілі дінтанушы Асқар Сабдин сол жылдары былай деген: «Теракті жасағандар салафиттер емес, терроршылар – хауариждер, тәкпіршілер, ишиш содырлары немесе тағы басқалары» деушілер бар.  2014-2015 жылдары елімізде терактілер болған кезде сол терактілерге қатысқан 12 лаңкеспен, 5 –маусым күнгі Ақтөбе оқиғасында тірідей ұсталған 8 терроршының алтауымен жеке сөйлескен адам ретінде олардың барлығы салафиттер деп жауапкершілікпен айта аламын. Әңгімелесу кезінде мен ол лаңкестерден сенімдері, не оқығаны, кімді тыңдағандары, т.б. туралы сұрадым. Міне, сонда олардың бәрі Ибн Абдуль- Ваххабтың «Үш негіз» кітабын оқығандарын айтты. Олардың үшеуі «қалыпты» саналып жүрген салафит-мадхалиттен сабақ алған. Олар Д. Мубаровтың уағыздарын тыңдаған. Ибн Таймия, ибн Баз, Ибн Усаймин, Албани және салафизмнің басқа да идеологтарын өздеріне ұстаз, тұлға санайды. Таухидті үш түрге бөлетіндерін, намазды мазхаб бойынша оқымағандарын, әруақтарға құран оқуға болмайтынын айтты. Бір сөзбен айтқанда, бұдан салафиттің орташа портреті көрінеді».

Міне, деструктивті діни ағымды ұстанушылардың зайырлы, құқықтық Қазақстан мемлекетіне қарсы насихат жүргізіп, қазақтың ұлттық, мәдени құндылықтарын мансұқ етіп, қазақтың салт- дәстүрін жоққа шығарулары жалпы қазақ ұлтына, Тәуелсіз мемлекетіміздің қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіріп отырғаны шындық.

  «Расында Алла әділ болуды, жақсылық істеуді, жақынына қарайласуды бұйырады, һәм арсыздықтан,   жексұрындықтан, зорлық- зомбылықтан тияды, тәлім алсын деп Алла сендерге насихат береді» (Нахл» сүресі, 90 аят)

«Бізге қару көтерген  бізден емес» (Әл – Бухари 6874, Муслим 161)

«Әй, мүміндер!  Өзара малдарыңды бұзықтықпен жемеңдер! Бірақ өз ризықтарыңмен саудаласу басқа. Және бір- біріңді өлтірмеңдер.  Расында, Алла сендерге  ерекше мейірімді»  (Ниса сүресі, 29 аят)

Құранда осылай делінсе,  ендеше өздерін ғана «шынайы мұсылман» санап жүрген «діндардар»   исламда харам, күнә саналған  жан шошырлық осындай қылмыстарға қалай барып жүр? Басқасы  басқа, сонда мұсылманшылық қайда қалды?

 Durbi.kz

Ақтау қаласы

 

 

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close