Жаңалықтар

Атыраулықтар «Рухани келісім күнін» атап өтті

18 қазан – «Рухани келісім күніне» орай, Атырауда салтанатты шара өтті.

Шара барысында қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға, елдегі діни, рухани келісімді сақтауға қосқан үлесі үшін бір топ сала мамандары марапатталды.

Атырау облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталғандардың қатарында Дін істері басқармасының бөлім басшысы Мұхтар Ізғалиев, орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Мұрат Мұстафаев, «Жәрдем – Атырау» корпоративтік қорының директоры Ербол Жаулин және өзге де сала мамандары бар.

-Жаһандық геосаяси ахуал күрделеніп, саяси қақтығыстар мен экономикалық қиындықтар орын алып жатқан жағдайда, ел азаматтары қазақстандық екенін мақтан  тұтуы тиіс. Себебі, біздің елімізде жүргізіліп жатқан экономикалық, әлеуметтік реформалар бұқараның әл-ауқатын арттыруға ғана емес, қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған,- деп атап өтті марапат иелерін құттықтаған облыс әкімінің орынбасары  Әлібек Нәутиев.

Атаулы мереке 1992 жылы қазан айында Алматы қаласында Рухани келісімнің бірінші конгресі өтіп, аталмыш жиында Президент Нұрсұлтан Назарбаев сол күнді адамдар арасындағы өзара түсіністікке қол жеткізу және бітімгершілікті іздеу күні ретінде бекітуді ұсынған болатын. Осылайша, «Рухани келісім күні» алғаш рет Астана қаласында 1997 жылы кең көлемде аталып өтті.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА,

Атырау қаласы

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close