Жаңалықтар

Дін саласы мамандарын даярлау бағытындағы үшжақты келісімге қол қойылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облыстық өкілдігі, Атырау облысы Дін істері басқармасы және «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті арасында теолог және дінтанушы мамандарды даярлау, жергілікті имамдар мен теолог мамандардың ақпараттық-насихат және оңалту жұмыстары бойынша дағдыларын жетілдіру туралы келісімге қол қойылды. 

Өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қ.Көшқалиев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстық өкілі Б.Мансұров және «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры Мухаммад Шахат аль-Джинди қол қойды. 

Бұл құжат «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетін тәмамдаған теологтар мен дінтанушылар облыстағы мешіттерде, мемлекеттік органдар мен мекемелерде, үкіметтік емес ұйымдарда қызметке тартуды, имамдар мен теолог мамандардың біліктіліктерін арттыру мен тұрғындардың діни-рухани құндылықтарын қалыптастыру бағытындағы ынтымақтаса іс атқаруды көздейді.

өз тілшіміз

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close