Мақалалар

Дін – ең нәзік құбылыс

Дін – қашандақоғамның ең жанды жері, ең нәзік құбылыс.Зайырлы қоғамдағы дін мәселесінің нәзіктігі мен күрделілігі айтпаса да, белгілі. Қазір әлемдегі мемлекеттерге қарасақ, басым көпшілігіәртүрліконфессиялар мен этностармекендейтін зайырлы елдер.Сол себептіаталған елдерге дін саласын реттеу үшін тарихи және мәдени ерекшеліктерге сәйкес құқықтық негіздерді қалыптастырып, заман талабына сай өзгерістер енгізіп тұру аса маңызды.

Осы ретте Қазақстан Республикасыныңзайырлы мемлекет ретінде діни бірлестіктер мен діни қызметті реттеуі, мемлекет пен конфессиялар арасындағы қатынасты нақтылауы,заңнамалық талаптарды жетілдіруі әлемдегі және елдегі сын-тегеуріндер мен өзгерістерге негізделіп отырғандығы анық.

Егемендік жарияланғаннан кейінгі бір ай ішінде, яғни 1992 жылдың 15 қаңтарында елімізде «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заң қабылданды. Бұл құжат жаңа жас мемлекетте өмір сүретін азаматтардың діни бостандығынакепілдік берген-ді. Дегенмен, аталмыш заң тек діни бірлестіктердің қызметіне қатысты кейбір мәселелерді реттеуге ғана бағытталғандай сипат танытты.

«Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заң қабылданғаннан кейін20 жыл ішінде қоғамдағы діннің рөлі кеңейіп, елдегі діни жағдай да әлемдегідей өзгерістерге ұшырады. Осы ретте,2011 жылыелімізде діни қызметтергеарналған жаңа заң керектігін ұғындық. Себебідіни бірлестіктер мен миссионерлердің қызметтерін белгіленген тәртіп бойынша реттеуге оңтайлы жағдай жасау, сонымен қатардіни сенім бостандығы қағидасының демократиялық негіздерін сақтау міндеттерін қайта қарау қоғамның алдындағы мәселе еді.

Зайырлы мемлекет ретінде Қазақстан өзінің мемлекеттік-конфессионалдық қарым-қатынастарын өз тарихына, ұлттық мүдде мен бүгінгі күннің шынайы келбетін ескере отырып құру мүмкіндігін назарға алды. 2011 жылдың 11 қазанында қабылданған ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының преамбуласында тәуелсіздік алған жылдардан бері тұңғыш рет Қазақстан үшін дәстүрлі болып саналатын діндердің басымдылығы көрсетілді. Аталған құжатқа сәйкес, мемлекет халықтың рухани өмірі мен мәдениетінің дамуында исламның ханафилік бағыты мен православие дінінің тарихи рөлін мойындайды, сондай-ақ Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін барша өзге діндерді құрметтейді.

Аталмыш жаңа заңның басты жетістігі – діни бірлестіктерді тіркеу, қайта тіркеу рәсімдері мен олардың қызметтерін реттеу. Діни ұйымды тіркеу рәсімдерін жетілдіру мақсатындазаңның жаңа нұсқасында діни бірлестіктерді тіркеуде назар аударылатын ерекше белгілер де берілген.Діни бірлестіктердің талапқа сәйкесті ортақ діни ілімі, діни жоралары, рәсімдер мен уағыздарды орындау, өз қатысушыларын және мүшелерін тәрбиелеу және қызметінің діни бағыты т.с.с белгілері бойынша билік органдарында тіркеуден өтуіне құжат ұсына алады.

Осы белгілерді бекіту жалған діни коммерциялық ұйымдарды тіркеуге қарсы шара қолдануға мүмкіндік берді. Бұдан бөлек, заңның 12-бабы жергілікті діни бірлестікті тіркеу үшін кәмелет жасына толған 50 мүшесі, ал аймақтық мәртебеге ие діни ұйымды құрған жағдайда мүшелерінің саны 500, республикалық бірлестікті тіркеу үшін 5000-ға дейін мүшесі болуы тиіс екендігін нақтылаған. Бұл бап өз кезегінде заңға қайшы әрекет ететін діни бірлестіктердің шеңберін қысқартты.

Жаңа заңның кезекті жетістігі қоғамдық жерлерде діни жоралғылардыөткізу орындарын нақтылау болды.ҚР заңында уақытша сауықтыру орталықтарында, қарттар мен мүгедектер үйінде, әскери бөлімдерде, уақытша қамау және жазасын өтеу орындарындағы тұлғалардың діни жораларды өткізуіне байланыстытұстары қарастырылған. Мысалы, 7-бапқа сәйкес, діни жоралар мен рәсімдер ғибадат үйлерінде (ғимараттарында) және оларға бөлінген аумақта, құлшылық ету орындарында, діни бірлестіктер мекемелерінде, зираттар мен крематорийлерде, салттық қажеттілік туындаған жағдайда жақын тұратын адамдардың құқықтары мен мүдделерін сақтау шартымен үйлерде бөгетсіз жүргізіледі.Өзге де жағдайларда діни іс-шаралар, жиналыстар, митингiлер, демонстрациялар мен шерулер өткiзу белгiленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Бұған дейін атап өтілгендей, жаңа заңның алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі деструктивті және жалған діни бірлестіктер әрекеттерінің алдын алу мен сақтандыру болып табылады. Сол себепті дінтанулық сараптама жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізу тиімді әрі нәтижелі әдіс саналады.Сондай-ақдіни әдебиеттердің таратылуы да көкейкесті жәйттар қатарында болып отыр. Осыған орай, ҚР заңында енгізілген ережеге сай, діни мазмұндағы материалдар мен әдебиеттер тек қана культтік ғимараттарда, діни білім беруге арналған ұйымдарда, арнайы стационарлық орындарда ғана таратылады.

Біз заңнамалық актілер туралы сөз қозғағандатаяуда ғана Елбасы Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасына»да баса назар аударамыз. Өйткені аталмыш тұжырымдамада діни қызметтерді құқықтық салада реттеу, зайырлылық ұстанымдарын қадағалау, діни бірлестіктердің қаржылық-шаруашылық және үгіт-насихаттық қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша талаптар нақты белгіленген.

Бұл тұжырымдамада 2016 жылы құрылған Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі елімізде тұңғыш рет орта мерзімге нақты мақсаттар мен міндеттер қойып отыр.

Атап айтқанда, зайырлы мемлекет діни бірлестіктердің ішкі істері мен ережелері мәселелеріне араласпайтыны, ар-ождан бостандығы үшін жағдайлар тудыратыны айтылған. Әйтсе де, мемлекет діни бірлестіктердің мазмұндық және қоғамдық қызметін реттеп және бақылап отырады, заңдар мен мемлекеттің мүдделерін сақтауын талап етеді.

Әсіресе, аталмыш Тұжырымдамадағы үш басымдықты атап кетуге болады. Біріншісі – діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамалық актілерді жетілдіру. Екіншісі – зайырлылық принциптерді одан әрі нығайту. Үшіншісі – діни экстремизм мен терроризм идеологиясы таралуының алдын алу жүйесін күшейту.

Қазіргі таңда Елбасы бекіткен тұжырымдамадағы алғашқы басымдық, яғни діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамалық актілерді жетілдіру мәселесі қолға алынды. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің басшылығымен білікті сарапшылар және мемлекеттік органдар мен діни бірлестікөкілдері жаңа заң жобасын жан-жақты талқылап, жыл соңына дейін бекітуді жоспарлап отыр.

Қазақстанның дін туралы заңнамасына еңгізілетін өзгерістер мен толықтырулар діни бірлестіктердің, жеке тұлғалардың құқықтарын шектемей, тек олардың іс-әрекетін реттейтінін, мемлекет пен дін арасындағы байланысты айқындайтынын, қоғамдағы қатынастарды жаңа құқықтық деңгейге көтеретінін атап өткім келеді.

Сөз соңындаҚР заңы мен жекелеген заңнамалық актілерді жетілдіру нормалары еліміздің құқықтық ережелері арасындағы қайшылықтарды жоюға, мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы қарым-қатынаста тепе-теңдікті сақтауға, діни экстремизм мен жалған діни ұйымдар тарапынан орын алатын құқыққа қайшы әрекеттерге қарсы тұруға мүмкіндік береді деген тұжырым жасауға болады.

Қ.КӨШҚАЛИЕВ

Атырау облысы дін істері

басқармасының басшысы

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close