Жаңалықтар

Атырау: «Мектепке жол» акциясы

Жаңа оқу жылына орай Атырау облысы Дін істері басқармасының «Ақпараттық талдау орталығы» ККМ-ның тапсырысы аясында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы өткізілді.  

Акцияға Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық талдау орталығының басшысы М.Құбышев, орынбасары Г.Қожағұлова, бөлім басшысы А.Кұмарғалиева, «Шапағат» ҚҚ директоры М.Тұрлыбеков, қызметкерлері Н.Жетпісбай, С.Нұрбекова, С.Сариев  қатысты.

Бүгінгі таңда  отбасындағы тұрмысына байланысты балалардың мектепке бара  алмау қалуы сирек те болса, кездеседі. Міне, осы олқылықтың алдын алу мақсатында аз қамтылған және көп балалы 50 отбасының балалары мектеп формасы мен қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Шараның соңында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының теологы С.Сариев қайырымдылық тақырыбында уағыз айтты. Жаңа оқу жылының басталуына орай көрсетілген материалдық көмек үшін ата-аналар риза көңілмен алғыстарын жаудырды.

Жанат ЖҰМАҒАЛИЕВА,

«Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан

жапа шеккендерге көмек орталығының қызметкері

 

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close