Жаңалықтар

«Шапағат» қоры дамылсыз жұмыс жасап жатқан атыраулықтарға түскі ас таратты (СУРЕТ)

Коронавирустың тез таралуына қарамастан, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек орталығы «Жусан» операциясымен елімізге оралған отбасы мүшелерінің қолдауымен Атыраудағы жедел жәрдем станциясына, медицина қызметкерлеріне, автобаза мен «Атырау жолдары» қызметкерлеріне түскі ас дайындап таратты.

Атырау қаласында карантинге байланысты барлық асханалар жабылды. Сол себептен «Шапағат» орталығы талмай еңбек етіп жүрген абзал жандардың еңбегін елеп, түскі асқа палау, бауырсақ, сусындарды таратып, олардың ризашылығына бөленді. Қор қызметкерлері осындай ауыр еңбекпен адал ризық тауып жүрген жандарға алғыс айтып, барлық атыраулықтар атынан оларға күш жігер мен сабыр тіледі.

 

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close