Жаңалықтар

«Орал» медресесі шәкірттер қабылдады

Батыс Қазақстан облысындағы ҚМДБ-ның қарасты «Орал» медресесіне 2018-2019 оқу жылына жаңадан шәкірт қабылдау емтиханы болды.

Аталмыш медресеге оқуға биыл барлығы 20 талапкер өтініш беріп, құжаттарын тапсырған. Олардың 15-і БҚО-дан, қалғаны көршілес облыстардан.

Емтихан қабылдауға  ҚМДБ-ның діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісінің міндетін атқарушы Марат Жаппасбаев, облыстық орталық мешітінің бас имамы, «Орал» медресесінің директоры Еркебұлан Қарақұлов, аталмыш медресесінің оқу-ісі жөніндегі директордың орынбасары Бахрам Рахманов пен ұстаз Асылбек Наурызов қатысты.

Алдымен діни білім ордасының басшысы Ербұлан Ыбырайымұлы сөз алып, арнайы Астана қаласынан келген ҚМДБ-ның діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісінің міндетін атқарушы Марат Абдуллаұлын таныстырып, сөз тізгінің ұсынды.

Келген қабылдау комиссиясы үміткерлерді  тест жүйесі бойынша Қазақстан тарихы, қазақ тілі пәндерінен тапсырса, ал арнайы  пәндерден үміткерлер арасына  сұхбат емтиханнан  өткізді. Емтихан нәтижесі бойынша он тоғыз үміткерлер медресеге оқуға қабылданды.

«Орал» медресесі ер балаларды имам хатиб мамандығы бойынша  жаңа оқу жылына қабылдады.  Медреседе барлық жағдай жасалған, компьютер сыныбымен  жабдықталған. Жатақханасы бар. Оқу бағдарламасына діни пәндермен қатар гуманитарлық сабақтар да енгізілген. Шәкірттерге сапалы білім беретін ұстаздар мен тәрбиешілер қызмет атқарады. Медресе асханасында күніне үш мезгіл ыстық тамақ беріледі.

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close