Жаңалықтар

Атырауда Бас мүфти жүлдесіне республикалық турнирге іріктеу өтті

Атырауда аталмыш турнирдің іріктеу кезеңі болып өтті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан Мансұровтың басшылығымен ұйымдастырылған қазақша күрестен турнирдің іріктеу сындары тартысты өтті. Өңкей палуандар сынға түскен сайыста Б.Салықов оқ бойы озып шығып, бірінші орынды жеңіп алды. Турнирдің республикалық кезеңіне жолдама алған палуандардың қатарын Р. Ізғалиев толықтырды. Бірінші орынды жеңіп алған палуан Салықовқа 70 мың теңге тапсырылды. Екінші орын иегері Ізғалиевқа 50 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйақы бұйырды. Үшінші орын алған Р. Багеновке 30 мың теңге берілді.

Іріктеуден өтіп, бірінші және екінші орынды иемденген кәсіпқой  палуандарымыз енді байрақты бәсекеде Атырау облысының намысын қорғайтын болады.

Tags

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close