Жаңалықтар

Бөрлілік кәсіпкерлер аудандық мешітке көлік сыйлады

Бүгінгі жұмада Бөрлі ауданының Құлмұхаммед Шектибаев, Нұрлан Аязбеков, Абзал Губашев есімді кәсіпкерлері аудандық мешітке су жаңа көлікті сыйға тартты, деп хабарлады zhaikpress.kz сайты.

-Бұл жарнама үшін жасалған дүние емес. Біз осы елдің азаматы ретінде игі бастаманы басқаларға үлгі болса, жақсылық көбейсе екен деген ниетпен жасадық. Көліктің қай уақытта да керектігі рас. Осы көлік Алланың үйінің пайдасына жараса болар. Жақсылығымыз көп болғай,- деді кәсіпкер Құлмұхаммед Төреғожаұлы.

Мейрамбек Сыдық,

Бөрлі ауданы

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close