Жаңалықтар

Атырауда төтенше жағдай режимін бұзған баптистерге айыппұл салынды

Бүгін Атырау қаласында «Преображение» Евангельдік христиан баптистері шіркеуіне қатысты әкімшілік іс қаралды.

Атырау облыстық дін істері басқармасының қызметкерлері күн сайын діни бірлестіктердің жұмысына мониторинг жүргізеді. Сондай жұмыс барысы кезінде Атырау қаласындағы «Преображение» Евангельдік христиан баптистері шіркеуі төтенше жағдай режимін бұзғаны анықталды.

-Аталған діни ұйым елімізде ҚР Президенті енгізген Төтенше жағдайға қарамастан 22 наурыз күні шіркеуде 31 мүшесі жиналған діни шара өткізген. Құқық қорғау қызметкерлері аталған заңбұзушылық бойынша әкімшілік хаттама толтырған. Сот шешіміне сәйкес, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 476-бабының 3-тармағына сай 10 АЕК көлемінде (26 мың теңге) әкімшілік айыппұл салынды. Барлық діни бірлестіктерге төтенше жағдай режимін қатаң сақтауды ескертеміз, – деді Атырау облыстық дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев.

durbi.kz

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close