Жаңалықтар

Алматыда лаңкестік жасамақ болған шетелдіктер ұсталды

10 қаңтар күні Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті өткізген арнайы операция нәтижесінде террористік актілер жасауға дайындалған деген күдікпен Орта Азия елдері азаматтарынан құралған топ мүшелері ұсталды, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Шетелдік азаматтар Қазақстанда лаңкестік жасамақ болған. «Олардың уақытша тұрып жатқан жерін тінту барысында қуаттылығы үлкен жарылғыш құралдарды жасайтын заттар, сонымен қатар атыс қаруы, оқ-дәрілер табылып, тәркіленді» делінеді хабарламада.

Тергеу барысында анықталғандай, ұсталған тұлғалар ДАИШ жауынгерлерінің басшылығымен солардың тапсырмасын орындаған. Олар Алматыда адам көп жүретін жерде қарулы шабуыл жасап, жарылыс құралдарын қолданбақ болған.

Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.

durbi.kz

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close