Басты тақырып

Жаңақаладағы қанды оқиға (ВИДЕО)

Ағымдағы жылдың 29 қаңтары күні Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында адам өлімі орын алды. Пышақ жарақатын алған 30 жастағы жігіт қайтыс болды. Ал бірнеше жерден пышақталған екінші зардап шегуші Жаңақала аудандық ауруханасында жатыр деген суыт хабар ести салысымен «Дүрбі» газетінің тілшілері жолға шыққан едік.

Жергілікті тұрғындардың мәліметінше, кафедегі төбелеске қатысушы 6 жігіттің үшеуі діни теріс ағымды ұстанушылар екен. «Дін жолындамыз» деген жігіттердің түнгі кафеде көңіл көтеріп, ішімдік ішуі ақылға сыймайды. Төбелес немен аяқталды? Көкейдегі көп сұраққа жауап алу үшін біз бұдан әрі Жаңақала аудандық ауруханасын бетке алдық.
Бас дәрігер айтқандай, ауыр дене жарақатын алған 30-жастағы Максим Қойшыбаев ота үстінде көз жұмды. Ал әртүрлі пышақ жарақатын алған Ғұмаров Ғабит кеше жалпы палатаға ауыстырылды.

Төбелес неден шықты? Оқиғаның мән-жайын сұрағанымызда, зардап шегуші ақпарат беруден үзілді-кесілді бас тартты.

Ішімдіктің кесірінен бір жас өмір қыршынынан қиылды. Екіншісі ауруханада жатыр. Бұрынғы қаймағы бұзылмаған қазақ ауылдарында бүгінде құлақ естіп, көз көрмеген неше түрлі сорақылықтар жасалуда. Екі бірдей жігітті пышақтаған күдікті Асылбек Сарбаевтың үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 1-ші бөлігіне сәйкес тергеу амалдары басталды. Күдікті Асылбек Сарбаев қамауға алынды.

durbi.kz

Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы

Осы айдарда

Бір пікір

  1. Осы қазір біздің жастарға теріс діннің түсінігін беретін ақпарат көздерін жойу керек. Қазақтарда дін мен қоса өздеріміздін ұлттық ерекшеліктеріміз бар. Аталған ағымдар біздің менталитетімізге бөтен.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close