Жаңалықтар

Түркістан облысында терроризмді насихаттаған төрт адам ұсталды

Түркістан облысында терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деген күдікпен төрт азамат ұсталды деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Ішкі істер қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген ұстау операциясы 14 ақпан күні жүзеге асқан.

Сонымен бірге, қолға түскен күдіктілердің үйінен деструктивті бағыттағы қолжазбалар мен электрондық нұсқадағы діни әдебиеттер табылып, тәркіленгені белгілі болды.

Аталмыш факт бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close