Жаңалықтар

Полицейлер марқұм болған атыраулық әріптесінің отбасына 29 млн. теңге жинап берді

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған дейін полицейлер Шалқардың отбасына Атыраудан 3-4 бөлмелі үй сатып алып бермек болған. Себебі ол отбасының жалғыз асыраушысы еді.

«Атырау облысының полиция департамент қызметкерлері, ІІМ орталық аппараты, өңірлік полиция департаменті, қылмыстық-атқарушы жүйе, құтқару қызметі мен Ұлттық гвардия әскерлері Шалқар Ақымғалиевтің отбасына қолдау білдірді. Полицей суға батқан әйелді құтқарам деп қаза болды. Оның банктік есепшотына қазіргі уақытта 29 млн. теңге аударылды», – дейді өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 21 наурыз күні Шалқар Ақымғалиев өзенге секірген қызды құтқарам деп мерт болды. Қаза тапқан полицей мемлекеттік марапатқа ұсынылды.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close