Жаңалықтар

Cұлтан Бейбарыс мешіті 150 -ден астам отбасыға 10 тонна азық-түлік таратты

Жыл басынан бері Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешіті 150-ден астам отбасыға осынша көлемде азық-түлік үлестірді.

«Жоба аясында мешіт негізінен әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасыларды қамтыды. Жобаға мешіттің қайырымды жамағатымен бірге, белгілі эстрада жұлдызы Бейбіт Көшқалиев, «Сәлем» студиясы атсалысты.

Мұндай игі бастамалар жалғасын таба береді. Бүгінгідей бейбіт заманда елімізде мұқтаж жандар елеусіз қалмауы тиіс. Ислам дінінің негізінің өзі ізгіліктен, қайырымдылықтан тұрады» дейді Сұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қағазғалиев.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close