Жаңалықтар

Атырауда «Әсем әуезді азаншы» сайысы өтуде

Атырауда азан жарыс басталды. Орталық «Иманғали» мешітінде өтіп жатқан азан жарысына қазіргі уақытта тоқсан адам қатысып, азан шақыруда.

Құлғазиев Салават Келбатырұлының рухына арналған азаншылар жарысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан қажы Мансұров, орталық «Иманғали» мешітінің ұстазы Хусейн Кая, Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қағазғалиев қазылық етуде. Сондай ақ, «Әсем әуезді азаншы» сайысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы мен белгілі эстрада жұлдызы Бейбіт Көшқалиев арнайы келіп, қазылық жасап отыр.

Еске сала кетелік, жарыстың басты талабы – азанды тәжуид ережелеріне сай шақыру, азанның соңында оқылатын дұғаны айту және азанды әдемі мақаммен оқу.

Жүлде қоры – 1 миллион 500 мың теңге.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close