Жаңалықтар

Арыс қаласының тұрғындары атыраулықтарға алғыс айтуда (ВИДЕО)

Қазір Арыста 482 үйді қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Атырау облысына бөлінген секторда 13 құрылыс мекемесі қызмет етуде. 500-ден астам адам және 20-ға жуық техника тартылған. Бірнеше үй толықтай қалпына келтірілді.

Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев мердігер ұйымдардың басшыларымен кеңес өткізді.

– Осында орын алған оқиға бүкіл елімізге ауыр соққы болды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен адамдар Арыстың тұрғындарына көңіл білдіріп, түрлі көмек көрсетіп жатыр. Үйлерді қалпына келтіру жұмыстары сапалы жүргізіліп, уақтылы аяқталуы тиіс. Сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Үйлерді салғанда кірген адамдар риза болып, сіздерді жылы сезіммен еске алатындай қылып істеңіздер, – деді Нұрлан Ноғаев.

Өңір басшысы кеңестен соң Арыстың тұрғындарымен кездесіп, тілектерін тыңдады. Арыстың тұрғындары қолдау көрсеткені үшін атыраулықтарға ризашылығын білдірді.

Tags

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close