Жаңалықтар

Атырауда «Дина» базары өртеніп жатыр

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан алдын ала мәлімет бойынша, өрт базардың құрылыс материалдары бөлімінде жергілікті уақытпен сағат 17.48 де басталған.

Алты бірдей дүңгіршекті жайлаған қызыл жалынның аумағы шамамен 400 шаршы метрді құрайды. Қазіргі уақытта өртпен күреске Төтенше жағдайлар департаментінің 22 қызметкері мен 6 техникасы, “Дина” базарының 3 жұмысшысы мен 2 техника, Атырау мұнай өңдеу зауытының 3 жұмысшысы мен 1 техникасы, “Қарабатан” ЖШС 4 қызметкері мен 1 техникасы, АТМА әуежай мекемесінің 3 қызметкері мен 1 техникасы, жергілікті полиция департаментінің 12 қызметкері мен 6 техника жұмылдырылуда. Өрт салдарынан қаза тапқандар мен жапа шеккендер жоқ.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close