Жаңалықтар

Зайырлы мемлекет ұғымы мен оның қағидаттарына талдау жасалды

Мақат ауданының Доссор кентіндегі А.Құнанбаев және О.Сарғұнанов орта мектептерінде «Зайырлы мемлекет ұғымы және қағидаттары» тақырыбында кездесу өтті.

Шараларға «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теолог маманы Шүкіріддін Темірқұлұлы, ақпараттық талдау орталығының маманы Р.Алиева, ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері, ардагер-ұстаз Р.Үмбетова, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Қ.Мыңтұрғанов, Мақат аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Ж.Сарбасовтар қатысып, қоғамдағы діни жағдай мен зайырлылық ұстанымы туралы пікірлерін ортаға салды.

Кездесуде «Жалпы зайырлылық ұстанымы адамның жеке тұлғасына қаншалықты қатысты?», «Зайырлылық дегеніміз не?», «Мемлекет зайырлы болса, сол мемлекеттің азаматтары да зайырлы бола ма?» сауалдар аясында қатысушыларға мәліметтер берілді. Кездесу соңында ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close