ЖаңалықтарМәселе

Имамдардың 70 пайызында тұрақты айлық жоқ

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Берік Арын тұрақты айлығы жоқ имамдарға қолдау көрсету шаралары пысықталып жатқанын мәлім етті.

«Діни басқарманың ішкі ережелеріне сәйкес, мешіттерге түсетін қаражаттың 30 пайызы орталыққа бағытталады. Өйткені өздерінің әкімшілік шығындары бар, айлық төленеді. Бірақ, кейбір ауылдық жерлерде мүлдем ақша түспейтін мешіттер бар екенін білеміз, сәйкесінше олардың жағдайы да өте нашар. Бұл тұрғыда қол қусырып отырған жоқпыз. Былтыр  «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры құрылған болатын, сол Қордың түскен қаржысының аясында еліміз бойынша 355 шалғай ауылдардағы және түрмеде экстремизм мен лаңкестік баптары бойынша сотталғандармен жұмыс істейтін имамдарға айына 50-ден 80 мың теңгеге дейін үстемеақы төлеп отырмыз», – деді Берік Арын.

Сонымен қатар ол айлықсыз жұмыс істеп жатқан мешіт қызметкерлеріне қолдау жасау шаралары қаралып жатқанын жеткізді. «Жаз бойы жұмыс істеп, бүкіл мешіттер бойынша есеп-қисап жүргіздік. Оларда тұрақты айлық алатын 30 пайыз ғана имам бар. 70 пайызында тұрақты айлық жоқ. Бұл мәселені  түпкілікті шешу жолында Үкіметке тиісті ұсыныстармен шықтық. Осы орайда нақты жұмыстармен айналысатын адамдардың мәселесін шешу ескерілген», – деді вице-министр.

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close