Жаңалықтар

«Дерадикалдандырудың замануи тәжірибелері» тақырыбында халықаралық форум өтті

Ақтөбе облысы әкімдігі, Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен 2019 жыл 23-24 қазан күні шетелдік және қазақстандық дін саласындағы жоғары білікті мамандар арасында «Дерадикалдандырудың замануи тәжірибелері» тақырыбында халықаралық сараптамалық алаңы өз мәресіне жетті.

Қазақстанда алғаш өтіп тұрған халықаралық сараптамалық алаңның алғы сөзін Ақтөбе облысының әкімі Оразалин Оңдасын Сейілұлы алып, форумды ашып берді. Сонымен қатар ҚР Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Бакиров Б.Ж., дін саласындағы Мысыр, Түркия, Ресей және республикаға белгілі қазақстандық теолог, дінтанушы, имамдар, психолог мамандар, сарапшылар, дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын ЖАО қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында экстремизмнің психологиялық себептері мен алдын алу, жаһандану жағдайындағы қоғамның исламофобиясы мен дерадикалдандыру мәселелері және түрлі елдердің тәжірибесі негізінде діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет ету бойынша бірлескен үрдістерді жасауға бағытталған тақырыптар талқыланды.

Қазақстанда алғаш өткен форум нәтижесінде «Дерадикалдандырудың заманауи тәжірибелері» тақырыбындағы халықаралық сараптамалық алаңының 150-ден астам терминнен құралған глоссарий және арнайы әдістемелік құрал басылып шығады.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close