Жаңалықтар
Әлеуметтік желіде деструктивті діни ағым идеологиясын таратқан тұлғалар жазаланады
![](https://durbi.kz/wp-content/uploads/2020/11/958f43b9e97c-780x405.jpg)
Атырау облысы Дін істері басқармасы қыркүйек айында әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде деструктивті діни ағымның материалдарын тарату фактілерін анықтады.
Аталған фактілер бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабының 2-бөлігіне сай, Мақат ауданының тұрғындары А.Шамиянов (1990 ж.т.), Ғ.Базарғалиев (1994 ж.т.), Ж.Қырықбаевқа (1984 ж.т.) және ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабының 1-бөлігіне сай, Н.Сармалаевқа (1993 ж.т.) қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды.
Мақат аудандық сотының шешімімен А.Шамиянов, Ғ.Базарғалиев және Ж.Қырықбаевқа ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабының 2 – бөлігін бұзғаны үшін кінәлі деп танылып, әр қайсысына 20 АЕК (55 560 тг) көлемінде айыппұл салынды. Н.Сармалаев ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабының 1 – бөлігін бұзғаны үшін кінәлі деп танылып, 50 АЕК (138 900 тг) көлемінде айыппұл салынды.
Қазіргі уақытта ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тарапынан аталған тұлғалардың әлеуметтік желідегі парақшалары бұғатталды.