Жаңалықтар

Жасөспірімдер арасындағы экстремизмнің алдын алу жолдары талқыланды

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Атырау облысы бойынша педагокикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Жастар мен жасөспірімдер арасындағы діни радикалды бағыттар мен экстремизмнің алдын алу» атты облыстық дөңгелек үстел өтті.

Аталған шараға «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының теологы Шүкіріддін Темірқұлұлы қатысты.

Кездесу барысында теолог Шүкіріддін Темірқұлұлы Ислам діні ішіндегі дәстүрлі емес діни ағымдағылар мен дұрыс бағыттағылардың Иман түсінігі айырмашылығы, уахабизмнің пайда болуы мен идеологиясы, еліміздегі жас буынның теріс діни ағымға түсу себептері жөнінде кеңірек әңгіме өрбітті. Он төрт ғасыр қазақ халқының ұйытқысы болған Ислам діні мен қазіргі таңдағы әсіре діншілдер жайлы кеңінен түсіндірді.

Кездесу соңында қатысушылардың сұрақтарына теолог толық жауап берілді.

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close