Жаңалықтар

Құрманғазылық медицина мамандарымен кездесті

Атырау облысындағы Құрманғазы аудандық емхана қызметкерлерімен «Дін және адам» тақырыбында келелі кездесу болды. Шараға аудандық «Шапағат» қоғамдық қорының теологы Еламан Бегалиев қатысып, қызметкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Е.Бегалиев дін мен дүние түсінігін, білім алудың маңыздылығын, қазақ халқының дінді түсіну ерекшелігін, салт-дәстүр мен дін мәселелерінің ұштасу қасиеттерін, жер мен елді жақсы көрудің басымдылығын ашып көрсетті. Сондай-ақ, маман өз кезегінде дәстүрлі емес діни бағыттарға да шолу жасап, олардың қауіптілігі мен болмысының зияндарын да назардан тыс қалдырмады.

Cондай-ақ жиын барысында терроризм мен экстремизмнің тарихын, мақсатын, дәстүрлі діни көзқарастардан ерекшелігін ашып түсіндірді. Радикалды бағыттағы діни ағымдардың адамдарды, жасөспірімдерді құрыққа түсіру әдістерін, психологиялық бағыт-бағдарларына да тоқталды.

Денсаулық саласындағы зайырлылық қағидаттарын да өз алдына өзекті тақырып екенін ескертіп, осыны басты назарға ұстауға шақырды.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close