Жаңалықтар

Теолог Құрманғазы ауданындағы ұжымдармен кездесті

Атырау облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының аудандық жұмыстарды үйлестіру бөлімінің ұйымдастыруымен Құрманғазы ауылдық Обаға қарсы күрес мекемесі ұжымымен «Дін және адам» тақырыбында кездесу өтті.

Жиынға аудандық жұмыстарды үйлестіру бөлімінің басшысы Е.Боранғалиев төрағалық етіп, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының теологы Е.Бегалиев пен орталық маманы Б.Жандыбаев қатысты.

Орталық мамандары кездесудің маңыздылығы мен қазіргі таңдағы аудандағы діни мәселелер мен деструктивтік діни ағым уағызшылары туралы ақпарат берді. Теолог дәстүрлі діни бағыт пен жат ағымдардың айырмашылығы мен тарихын дәлел-дәйекке сүйене отырып түсінік берді.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close