Жаңалықтар

Атырау облысында барлығы 1211 мал құрбандыққа шалынып, 4016 отбасына ет таратылды (ВИДЕО)

​ Бұл туралы облыстық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы айтты.

​Оның ішінде, құрбандықты қашықтықтан шалу мүмкіндігі жасалған Атырау қаласы және Жылыой аудандарында 346​ қой,​ ​ 152​ тоқты,​ 58​ ешкі,​ 21​ ірі-қара ​ онлайн тапсырыс арқылы құрбандыққа шалынып, 2130 отбасына құрбан малының еті таратылды.
«Пандемия кезінде тұңғыш рет қашықтықтан ұйымдастырылып отырған онлайн құрбандықты насихаттау, жалпы, ұйымдастыру үшін Атырау облысында орталық «Иманғали» мешіті және әкімдікпен бірлескен арнайы штаб құрылды.
Құрбан айт мерекесі қарсаңында жұмыс негізінен үш бағытта жүрді.
Біріншіден, ақпараттық.​ Бұл бағытта​ онлайн құрбандық шалудың маңызы, ерекшелігі, негізгі тәртібі туралы ондаған роликтер жасалып, телеарналар және инстаграм, ютуб, фейсбук, ВКонтакте желілеріне жүктеліп отырды. Сонымен бірге, қала көшелеріне ақпараттық баннерлер ілінді. Онлайн құрбандық маңызы туралы газеттерде мақалалар, жадынамалар ұйымдастырылды.
Екіншіден, мал базарларындағы бағаның өспеуі және мал сою пункттерінің санитарлық жағдайы.
Үшіншіден, ұйымдастыру. Яғни, қасапшылар бриагадасын жасақтау, мұқтаж отбасыларының тізімін шығару және құрбандық малының етін мекен-жайларға жеткізу үшін автоволонтерларды ұйымдастыру бағытында жұмыстар атқарылды. Сонымен бірге, орталық мешіттің ұйымдастыруымен облыс бойынша 6000 сәбиге айттық сыйлық үлестірілді» деп атап өтті Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Брифинг соңында Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы құрбандық​ кезінде барлық жағдайды сабырмен қабылдаған атыраулықтарға арнайы құрылған штаб атынан алғыс айтты.​
Еске сала кетелік, арнайы штабпен бектілген қасапшылар бригадасынан тыс, орталық «Иманғали» мешіті жанынан он екі бригада құрылды. Аталмыш бригада құрбан малының сүннетке сай сойылуын қамтамасыз етіп, оқиға орнынан құрбан шалушыларға онлайн есептер шұғыл жеткізіп отырды.
Ал, Жылыой ауданынан басқа аудандарда техникалық мүмкіндіктің болмауына байланысты, құрбандық шалу рәсімі дәстүрлі түрде ұйымдастырылды. Бұл ретте аудандық орталық мешіттер жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, құрбандық шалу рәсімінің санитарлық талаптарға сай өтуіне мүмкіндік жасады. Аудандарда да автоеріктілердің көмегімен құрбан малының еті мұқтаж отбасыларға үлестірілді.

ӨТКЕН ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІН ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

Тақырыбы: ӨТКЕН ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІН ҚОРЫТЫНДЫЛАУСпикер:Атырау облысы "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Алтынбек ҰТЫСХАНҰЛЫ

Опубликовано Региональная служба коммуникаций – Атырауская область Понедельник, 3 августа 2020 г.

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close