Мақалалар

Атырауда үш адам коронавирустан жазылып шықты

Коронавирусты жеңіп шыққан атыраулықтардың бірі 14 жастағы жасөспірім қыз.

Екіншісі 19 жастағы ер бала.

“Науқастардың екеуі 27 наурыз күні инфекциондық ауруханаға жатқызылып, сол күннен бері ем қабылдап келген болатын. Олар Атырауда коронавирус жұқтырған алғашқы науқастардың қатарынан” делінген Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Атырау облыстық штабының жедел ақпаратында.

Еске сала кетелік, Қазақстан бойынша 110 адам жұқпалы індеттен емделіп шықты.

Өкінішке орай, 12 адам көз жұмды.

Елорда уақытымен 13 сәуір сағат 14:30-дағы ақпарат бойынша, Қазақстанда коронавирус дертіне шалдыққандар саны 979-ға жетіп отыр.

«Дүрбі»

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close