Жаңалықтар

Атырау облысының аумағында деструктивті діни ағымды ұстанушылар 10-нан аса қылмыс жасаған

Атырау облысының аумағында деструктивті діни ағымды ұстанушылар 10-нан аса қылмыс жасаған.

Бұл жайлы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады. Олардың мәліметінше, жат ағымдағы тұлғалардың бөтеннің мүлкін ұрлау, заңсыз балық аулау, бопсалау, ұрып-соғып, денеге жарақат салу, қасақана ауыр дене жарақатын келтіру секілді қылмыстарға қатысы бар.

«Жыл басынан бері оннан аса қылмысты тергеу барысында олардың жалпы құны 2 млн. теңге көлемінде материалдық залал келтіргені анықталды. Сондай-ақ, деструктивті ​ діни ағым ұстанушылары тарапынан төтенше жағдай​ режимін бұзу фактілері де тіркеліп отыр. Әрбір факті бойынша қылмыстық және әкімшілік жаза жүргізілуде», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Ал басқа да ақпарат ҚР Қылмыстық іс-жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес әзірге жариялауға жатпайды.

durbi.kz

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close