Жаңалықтар

Құрбандық еті түгелдей мұқтаж жандарға таратылады – Бас мүфти

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн брифинг барысында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты.

Онлайн құрбандық шалу барысында имамдар делдалдық қызмет жасамайды. Екі ортада жүріп пайда табумен айналыспайды. Біздің міндет – халыққа қызмет. Құрбандық шалу рәсімін ұйымдастыру және құрбан еттерін мұқтаж жандарға үйлестіріп беру ғана. Осы кезге дейін құрбан шалған азаматтар құрбан етін үшке бөліп, бір бөлігін ағайын туыс, көрші-қолаңға арнап дастархан жаятын. Биыл пандемия кезінде құрбан етінің үштен бірі шалған адамға берілмей, түгелдей әлеуметтік аз қамтылған және мұқтаж отбасыларға үйлестірілетін болады, – деді ол.

Ол атап өткендей, карантин кезінде онлайн құрбандық шалу жобасына мемлекет қолдау көрсетуде.

Әр облыста құрбандық шалу орындары бекітіліп, әкімдік пен санитар мамандарының рұқсатымен, тәртіп сақшыларының қадағалауымен қатаң санитарлық тәртіпті ұстану арқылы орындалады. Діни басқарма мен облыстық мешіттердің жанынан ақпарат беру орталықтары құрылды. Онлайн құрбандық шалуға қатысты ақпаратты осы орталықтардан білуге болады, – деді ол.

Бас мүфти осы кезеңде малдың бағасын қымбаттатпауға шақырды.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close