Жаңалықтар

Оралда Бас мүфти жүлдесіне арналған турнирге іріктеу өтті

ҚМДБ-ның  БҚО бойынша өкілдігінің бастамасымен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы жүлдесі үшін қазақша күрестен облыстық турнир өтті.

Дінбасымыздың жүлдесі үшін өтетін V республикалық турнирге іріктеу ретінде ұйымдастырылған  дүбірлі додаға өңіріміздің түкпір-түкпірінен  15 түйе балуан бақ сынасты.

Айтулы жарысқа ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген спорт шебері, самбодан 4 дүркін әлем чемпионы Ерболат Байбатыровоблыстық дін істері басқармасының уақытша міндетін атқарушы Азамат Төлепов,  орталық мешітінің «Ақсақалдар» алқасының мүшесі Қадырғали қажы Қарағойшиев, мешіт жамағаттары қатысты.

Алдымен  қазақ күресінің майталмандарына қошемет көрсетіліп, ҚР мемлекеттік туы құрметіне сапқа  тұрып, Қазақстанның гимні шырқалды. Одан кейін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Рақымқызы сөз алып, ақтілегін айтса, облыстық орталық мешітінің бас имамы Еркебұлан Ыбырайым жиылған палуандарға сәттілік тілеп, Қадырғали қажы Қарағойшиев ақбатасын берді.

Облысқа қарасты әр ауданнан үміткерлер бас қосып, өз күштерін сынады. Қазылардың алқасының шешімімен  үшінші орын Еділ Үсенов (Сырым ауданы)  пен Асқар Нұрмұқанов (Сырым ауданы)  50 000 теңгеден алса, ал екінші орын  Ерназар Хамзинге (Казталов ауданы) 70 00 теңге бұйырса, бірінші орын Олжас Сүлейменовке  (Орал қаласы) 100 000 теңгені қанжысына байлады.

Жүлделі орындардан көрінген екі балуан Ерназар Хамзин мен Олжас Сүлейменовке  Республикалық V турнирге жолдама берілді. Астанада өтетін республикалық турнирде бақтарын сынайды. Қос балуанға жеңіс тұғырынан көрінуді нәсіп етсін.

Балуандарға арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close