Жаңалықтар

Атырауда құқық қорғау қызметкерлері біліктілігін арттырды

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық талдау орталығының тапсырысымен «Шапағат деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен құқық қорғау органы қызметкерлері мен ҚАЖ департаменті мамандарына арналған «Дін саласындағы зайырлылық талаптары мен құқықтық негіздері» тақырыбында бір күндік біліктілікті арттыру курсы өтті.
Еліміздегі пандемиялық ахуалға байланысты «ZOOM» бағдарламасы арқылы өтіп жатқан онлайн курсқа 45-тен астам ҚАЖ департаменті мен учаскеліп полиция қызметкері қатысты. Курс жұмысын «Шапағат деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының директор орынбасары М.Құбышев, Ақпарат талдау орталығының басшы орынбасары Г. Қожағұлова ашып, атаулы курсқа сәттілік тіледі.
Алғаш болып түске дейін «Шапағат» ҚҚ теолог маманы А.Тулепов «Суррурит, мадхалит, такфирит ағымдарының шығу тарихы» тақырыбында және психолог Г.Кубышева «Құқық қорғау қызметінде стрессті басқарудың маңызы» тақырыбында слайд арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Түстен кейінгі лекцияда Атырау қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры Жолан Бердібек Берікқалиұлы «Құқық бұзушылық профилактикасы және діни эктремизм саласындағы заң бұзушылықтар» тақырыбында және Атырау облысы Дін істері басқармасының Діни бірлестіктермен байланыс, мониторинг және ақпараттық талдау бөлімінің бас маманы Е.Ерғалиев «Діни қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбында қатысушылардың өзекті сұрақтарына жауап берді.
«Шапағат» орталығы

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close