ЖаңалықтарФото-жаңалық

Аналар балаларымен кездесті

Атырау  қаласындағы  УГ-157/11 мекемесінде жазасын өтеп жатқан М. Дәулетова мен К. Шмарғұлованың балалары қазіргі таңда  «Шаңырақ» балалар үйінде тәрбиеленуде. Өткен аптада балалар үйінің директоры   Гүлсара Ботатаева балаларды аналарын көруге әкелді.

Аналарды  қуантып, балалардың жүздеріне күлкі мен шаттық ойнаған бұл кездесу жүрек толқытар жағдайда өтті. Ұзақ жылға бас бостандығынан айырылған М. Дәулетованың ұлы анасы темір торға қамалғанда 2 жас 8 айлық болатын. Бүгінде 4 жасқа толған бала анасын бір көргенде-ақ танып, оны бірден «мама» деп, құшақтай кетті…

– Геолог селосында орналасқан біздің «Балалар ауылында» қазіргі таңда 64 бала тәрбиеленіп жатыр. Ондағы  әр баланың өз тағдыры бар. Ата-ана мейірімін көрмеген балалар  тәрбиешілерін «мама» деп атайды. Оларға бөтен адамды «мама» деп атауды өмірдің өзі үйретіп отыр. Міне, бүгін туған анасымен кездескен  баламыз шын бақытты басынан кешті. «Жетімін жылатпаған елміз» ғой. Балаларды азамат етіп тәрбиелеу – біздің міндетіміз, – дейді  Гүлсара Ботатаева.

Дамира ШАМАНОВА,

УГ-157/11 мекемесінің аға инспектор-психологы,
әділет аға лейтенанты

 

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close