Мақалалар
«Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты» немесе Заңға бағынбайтын баптистер
Елімізде заңнама талабына сәйкес барлық діни бірлестік ресми тіркеуде болуы тиіс. Бірақ Батыс Қазақстан облысында заңнама талабынорындамайтын діни ұйым бар. Олар – «Евангелдік христиан баптистерішіркеулерінің халықаралық кеңесі» діни қауымының мүшелері. Оларқұзырлы органдардың ескертуіне құлақ аспай отыр.
БҚО ішкі істер департаменті экстремизмге қарсы күрес басқармасы басшысының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Нұрлан Атаниязовтың айтуынша, баптистердің шіркеуі Орал қаласы мен Тасқала ауданының орталығында бар. Былтыр әділет құрылымы тіркеуінен өтпегені үшін оларға 15 әкімшілік айыппұл салынса, биылғы қаңтар айындаалты хаттама толтырылған. Жылма-жыл заңнама аясында әкімшілік жазаға тартқаннан басқа амал қолдануға құқық қорғау құрылымдары дәрменсіз. Діни ұйымның Оралдағы шіркеуіне 100 адам барса, Тасқаладан 25-ке жуық тұрғын баптистердің басқосуына тұрақты қатысады. Баптистердің арасында қарагөздеріміз өте көп. Қасиетті болып есептелетін жексенбі күндері жиналып, діни рәсімдерін жасайды, ән шырқайды. Олардың діни әдебиеттері мен газет-журналдары дақазақ тілінде сауатты жазылған.
Баптистер қайдан шықты?
Тарихи деректерде баптизм ілімі ХVII ғасырда Голландияда пайда болғаны жазылған. Олар ересектерді суға батырып, шоқындыруды діни рәсімге енгізген. Англияға осы ілімнің «ұрығын апарған»ағылшын Джон Смит алғашқы баптистік қауымды ұйымдастырған. Баптизм қазіргі кезде протестанттар арасындағы ең үлкен конфессияға айналды. Конфессия мүшелері 120-дан астам елге таралған. Ең үлкен қауымы АҚШ-та. 1905 жылы Лондонда дүниежүзілік баптистер одағы құрылды. БаптистерХІХ ғасырдың ортасында Ресейге, ХХ ғасыр басында Қазақстанға келе бастаған. 1903 жылы Украинадан Қостанай уезіне қоныс аударған баптис-протестанттар қазақтардың қарсылығына ұшырап, олар Ресейге көш басын бұрған. Дегенмен олар кейін солтүстік өңірлерге кеңінен таралып, орныққан. Батыс Қазақстандағы өкілдері Ресейдегі Поволжья қауымдастығымен тығыз байланыста болған. Репрессия жылдары кеңестік қудалауға ұшырағанымен, 1944 жылы КСРО-да Бүкілодақтық Евангелдік христиан баптистері кеңесі құрылды. Бірақ 1960 жылдары Кеңес үкіметінің діни сенімді шектейтін нұсқауларды бекіткені белгілі болып, оған наразы болған топтың ұйымдастыруымен БЕХБК-ден Евангелдік христиан баптистері шіркеулерінің кеңесі бөлініп шықты. Аталған кеңес мүшелері билік қысымына ұшырағанымен, ресми тіркеуден өтуге бас тартты. Кеңес империясы құлағаннан кейін өздерін дербес санайтын баптистер ТМД, Прибалтика елдері мен АҚШ және Канадаға қоныс аударған діндестерінің басын біріктіріп, ұйымды «Евангелдік христиан-баптистер шіркеулерінің халықаралық кеңесі» деп атады.
4 жылда 66 рет заң бұзған
Баптистеркеңесінің мүшелері әлі күнге дейін мемлекеттік тіркеудімойындамайды. Басқа ағымдармен бірігуден гөріхристиандық қарым-қатынасты күшейтуге назар аударады. Бейбітшілікке үндеп, өзара тату өмір сүретінін және ешкімге зиян тигізбейтіндерін тілгі тиек етеді. Және олар өздерін басқаратын белгілі бір көсемдердің жоқтығын уәж қылады. Батыс Қазақстан облыстық дін істері басқармасының мәліметінше, 2013-2017 жылдары діни салада жалпы 73 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелсе, соның 66-сы «Евангелдік христиан баптистері шіркеулерінің халықаралық кеңесі» діни қауымы тарапынан жасалған.
Айта кетейік, облысымызда «Евангел жарығы» Евангелдік христиан баптистер шіркеуі» жергілікті діни бірлестігі ресми түрде тіркелген. Бірлестіктің Орал қаласында және Жәнібек, Бөрлі, Зеленов аудандарында орналасқан филиалдары бар. Аталған бірлестік жетекшісі Александр Димитровтың сөзінше, мемлекеттік тіркеуге алынған немесе одан бас тартқан баптистердің наным-сенімінде айтарлықтай айырмашылық жоқ. Інжілде жазылғанындай, баптистер христандық үштік сенімді қастер тұтады, Құдай-Әке мен оның ұлы және Киелі Рухты ұлықтайды.
Бұрынғы баптист – бүгінгі намазхан
Батыс Қазақстан облысындағы Жәнібек ауданының тұрғыны Болат (кейіпкердің есімі өзгертілді) бала күнінде «Евангел жарығының» аудан орталығында орналасқан «Спасение» шіркеуіне барған. Қазіргі уақытта ислам діні бойынша мұсылман парыздарын орындап, бес уақыт намазын қаза қалмайтын ол баптистер сенімінің өзіндік ерекшеліктері барын айтты.
– Баптистердің ғибадатханасына кейбір ауылдастарым қайырымдылық ретінде берілетін тағамдарды жеу үшін баратын. Бір қызығы, олардың сенімі ислам қағидаттарымен ұқсас. Баптистер де Құдайды бір деп таниды, шоқынудан, суретке, пұтқа табынудан, айқыш тағудан, шырақ жағудан бас тартады. Олар төбелесуге, қару ұстауға, тіпті қатер төнгенде қорғануға тыйым салады. Баптистер суға шомылу рәсімін орындайды. Рәсім бойынша ересектердісуға бір батырып шығады. Яғниескі әдеттен арылдың, жаңа өмір бастадың деп сендіреді. Менің жасым сол кезде он төртте болатын. Кәмелеттік жасқа толмаған соңмені суға түсірмеді. Олардың уағызын ұйып тыңдайтындарға Иса туралы кітапшалар таратты. «Ақиқат таңы» деген журналын да бергені есімде. Шіркеудегі шіркеу қызметшісінің (пастырь) айтқанына сеніп жүрдім. Екі жылдан соң Шынтай есімді ақсақалдыңүйінен Құранды оқып, мен іздеген хақиқат жолы басқа екеніне көзім жетті. Ислам туралы зерттеп, мұсылманшылыққа түбегейлі көңіл бұрдым. Кейін баптистер өздерінің сенімдеріне икемдеп, Құран аяттарын бұрмалап түсіндіретінін ұқтым, – дейді Болат.
Нұртай АЛТАЙҰЛЫ,
меншікті тілші,
Батыс Қазақстан облысы
Редакциядан:
Қазақстан Республикасында тұрып, оның заңына бағынбайтын «Евангелдік христиан баптистері шіркеулерінің кеңесін» «Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты» деуге тура келеді. Бұл баптистердің еліміздің заңын белінен басқаны, мемлекетті мойындамағаны емес пе? БҚО ішкі істер департаменті экстремизмге қарсы күрес басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Атаниязовтың айтуынша, айыппұл салумен ғана шектеліп отырған құқық қорғау құрылымдары баптистердің алдында дәрменсіз екен. Неге? Құқық қорғау органдары қай жаққа, кімге жалтақтап, қайдан, кімнен қорқып отыр?Бұл сұраққа дәл жауап болмағанымен, қисыны келетін бір нәрсе бар. Ол осы тіркелмеген баптистерге алыстан «крыша» болып, оларды қорғап отырған халықаралық ұйымдардың барлығы және шетелде отырған ол ұйымдардың баптистерге тиіспеуді талап етіп,Орал қаласына үсті- үстіне жолдап отырған наразылық хаттары емес пе екен?
Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңының 3-бап, 11-бөлімінде «Қазақстан Республикасыныңзаңдарында белгiленген тәртiппен тiркелмеген дiни бiрлестiктердiң қызметiне жол берілмейді» делінген. Осы бөлімде әрі қарай «…сол сияқты Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дiнге көзқарасын айқындауда, діни бірлестіктердің қызметіне, дiни жораларға және (немесе) дiндi оқып-үйренуге қатысуына немесе қатыспауына қандай да бiр күштеп мәжбүрлеуге жол берiлмейдi» деп жалғасады.
Азаматтардың діни наным-сенімін құрметтеп, құқықтарын тең сақтап отырған зайырлы мемлекетіміздің заңы қандай ма болмасын діни ұйымдардың тіркеліп жұмыс істеуіне кең жол ашып отыр емес пе? Ендеше, заңға бағынбай, тіркелуден бас тартып, 6 рет емес, 66 рет заң бұзып, ұлтымыздың кеңқолтығы астында ойларына келгенін істеп жүрген «Евангелдік христиан баптистері шіркеулерінің кеңесі» мүшелерін тәртіпке кім салады?