Жаңалықтар

Оралда құқық пен дін байланысына арналған халықаралық форум өтуде

Бүгін Оралда «Зайырлы қоғам: құқық пен діннің өзара байланысы» тақырыбында халықаралық форум басталды.

Форумды БҚО әкімі Алтай Көлгінов баяндама жасап ашты.
Түске дейін пленарлық, түстен кейін секциялық мәжілістермен жалғасатын форумға Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз, Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының халықаралық қатынастар бөлімі басшысы Мухаммад-Акмалхан Шакиров, ҚР Қоғамдық даму министрлігі Дінтану сараптамасы және діни білім беру ұйымдарымен байланыс басқармасының басшысы Мейрам Иманбаев, «Нұр-Мүбарак» Қазақстан-Мысыр ислам мәдениеті университетінің проректоры Қайрат Құрманбаев, БҚО прокурорының міндетін атқарушы Жандос Өмірәлиев, Украина елінің Ұлттық педагогика университетінің доценті Денис Брилев, Башқұртстандағы Ресей ислам университетінің проректоры Мурсаль Ахметов, тарихшы және дінтанушы ғалымдар, теологтар, имамдар, медресе шәкірттері, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік комитеті мамандары, аудан әкімдері мен ішкі саясат бөлімдері мамандары, БАҚ өкілдері қатысуда.

Форум жайлы толығырақ мақалаларды, ғалымдардың айтқан пікірлерін алдағы уақытта газетіміз бен сайтымызда жариялайтын боламыз.

durbi.kz

 

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close