Жаңалықтар

Атыраулық ақпараттық-түсіндіру тобы мектеп оқушыларымен жүздесті

Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы Жылыой ауданындағы жалпы білім беретін №8 орта мектеп оқушыларымен «Дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға кері әсері» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуге ақпараттық-талдау орталығының бөлім басшысы А.Есқайыров, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Н.Төлеуов және М.Исаинова, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы Н.Беков қатынасты.

Жиында сөз алған ардагер ұстаз Н.Төлеуов:
«Дін – мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды факторлардың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі. Еліміздегі ортақ ауызбіршілік, елжандылық, адамды сүю, бейбітшілік пен тыныштық – дәстүрлі діндердің басты ұстанымы, ал ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін жат ағымдардан бойымызды аулақ ұстап, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелегеннен ұтылмасымыз анық»,-дей келе, өскелең ұрпақты Отанына адал, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білетін, қоғамдағы құнды тұлға болып қалыптасуға шақырды.

«Шапағат» қоғамдық қорының теологы Н.Беков қазіргі таңда жат ағымдардың әсерінен қоғамда болып жатқан келеңсіздіктерді мысалға ала отырып, олардан сақтану үшін, дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушы азаматтардың сырт келбеттерін, тыңдайтын уағызшыларын, оқитын кітаптарын, күнделікті қолданатын сөз тіркестерін жан-жақты түсіндіріп өтті.

Шара соңында оқушылар көкейтесті сұрақтарына мамандар тарапынан нақты жауап алды. Сондай-ақ, қатысушыларға ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close