Басты тақырып

Марапатыңызбен, Мұхтар Шарапиденұлы!

Кеше Атырау қаласында «Рухани келісім күні» аталып өтті. Құрманғазы атындағы мәдениет сарайына болған салтанатты шарада қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға, елдегі діни, рухани келісімді сақтауға қосқан үлесі үшін бір топ сала мамандары облыс әкімі Н.Ноғаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

Олардың қатарында Атырау  Дін істері басқармасының  Діни бірлестіктермен байланыс, мониторинг және талдау бөлімінің басшысы Мұхтар Ізғалиев те болды.

«Бүгінгідей жаһандану дәуірінде жат идеологияға жұтылып кетпес үшін де бізге ұлттық құндылықтарымызды бірінші кезекте насихаттау маңызды. «Үлкенге – ізет, кішіге – құрмет» тағылымы арқылы адамгершілікке,бауырмалдылыққа баулитын қазақтың салт-дәстүрлері, асылында, діни құндылықтармен үндес.

Бірақ қоғамның тұтастығы, ұлттың болашағы,айналып келгенде, отбасына тікелей байланысты болып шығады. Себебі баланың негізін ата-ана қалыптастырады. Күйбең тірлік қамымен бала тәрбиесіне көңіл бөлмей, ұл-қызының дәстүрсіз ағымның жетегінде кеткеніне куә болып, сан соғып қалған ата-аналар қаншама? Ендеше, балаларымызды деструктивті ағымдар ықпалынан сақтап қалайық, ағайын!» дейді  бөлім басшысы.

Біз Мұхтар Шарапиденұлын марапатымен құттықтап, осынау қиын да жауапкершілігі ауыр қызметінде табыс және отбасына амандық, ұзақ өмір  тілейміз!

«Дүрбі» газетінің ұжымы

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close